"Шынайы бет-бейнесі ашылды": Төсі ашық көйлек киіп суретке түскен блогер Эммануэлла Науызбаева сынның астында қалды
Фото: https://www.instagram.com/emmanuellanauryzbaeva
Жақында ғана орамалын шешкен блогер Эммануэлла Науызбаева көкірегі ашық көйлегі үшін сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе мешітіндегі даулы жайттан кейін танымалдылыққа ие болған қазақстандық блогер Эммануэлла Науызбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңажылдық кештегі образын көрсетіп, сурет жүктеді.
“Сұлулық – қорқынышты күш. Әсіресе, сен әдемі болып туған болсаң”, – деп жазды ол.
Алайда блогердің бұл жазбасы желі қолданушыларына жақпай қалды.
“Орамалды шештіңіз, жарайды. Түрлі себеп болуы мүмкін. Бірақ сонша уақыт хиджаб киіп, оны шешіп, бір айдан кейін осылай ашық-шашық киіну деген.. Яғни сіз үшін орамалдың ешқандай мәні болмаған. Сөзім жоқ”, “Жалған тақуалық жеңіл жүрістен де жаман” деген сөз ойыма еріксіз келіп отыр”, “Мүлде ақымақ екен.”Ешқашан орамалды шешпеймін” деп ант еткен еді. Енді шешіп қана қоймай, төсін де көрсетіп жүр. Келесіде не көрсететінін күтейік”, “Міне, шынайы бет-бейнесі ашылды. Екі жүзділіктің 200 деңгейі”, “Бұл шектен шығу. Исламды осындайлар бұзады”, “Иманы әлсірегені анық сезіледі. Ол орамалды шешу үшін сылтау іздегендей”, – деп жазған олар.
Алайда Эммануэлланы жақтағандар да жоқ емес.
“Жарайсың, айыптамаймын. Хиджабты шешу жаман немесе бұзылған болу деген сөз емес, әркімнің өз таңдауы бар. Жастық шақ бізге оны әдемі өткізіп, кейін ештеңеге өкінбеу үшін беріледі. Орамалды қартайғанда да, немерелерді асырап, сабырмен тағып жүруге болады”, “Тыныштық беріңіздерші. Оның ісі үшін біз жауап бермейміз. Ол үшін әкесі, ағалары, күйеуі және болашақта ұлы уайымдауы керек, біз емес. Әр адам өзі үшін жауап береді. Ашық киінгені бәрімізді тозаққа сүйреп бара жатыр деген сөз емес. Өздеріңіз үшін ғана уайымдаңыздар”, “Қызым, тек алға! Жассың, әдемісің, арзан айыптауларға мән берме. Өмір бір-ақ рет беріледі, ол – сенікі!” – деп жазған олар.
Айта кетейік, блогер Эммануэлла Наурызбаева орамалын шешкені хабарланған еді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовті 5 күнге қамау туралы шешім шығарды. Кейін Алматыда блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы қысымға ұшырағаны туралы жазған едік.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған