Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шынар Асқарова: Мені Тәуекел Мүсілімге ұқсатып, киноға шақырады

Кино және театр актрисасы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Шынар Асқарова "Дудар-ай" фильміндегі рөлі мен Тәуекел Мүсілімге ұқсастығы жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Дудар-ай" кинокартинасына әннің шығу тарихы негіз болған. Мария деген орыс қызы мен Дүйсен атты қазақ жігітінің махаббат хикаясы бүгінгі күнде көрсетіледі.

Романтикалық комедия 15 желтоқсан күні, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарыққа шығады деп күтілуде. Фильмнің режиссері – Дамир Тастамбеков болса, сценарий авторы – Данияр Күмісбаев. 

Басты рөлді Тәуекел Мүсілім мен Мария Петлюх сомдаған. Ал актриса Шынар Асқарова фильмде Тәуекелдің анасын сомдайды. 

"Эпизодтық рөлде ойнап, үлесімді қостым", – дейді ол.



Айтуынша, киногерлер көбінесе Шынарды Тәуекелге ұқсатып, кастингке шақырады екен. 

"Біз сізді Тәуекелге ұқсатып, алып тұрмыз" деп шақырады. Тәуекелдің маған ұқсағаны қандай жақсы болды, киноға өтіп тұрмын деп қалжыңдап қоямын", – деді актриса. 

Театрда үлкен тәжірибесі бар Шынар Асқарова Тәуекелдің актерлік шеберлігіне баға берді. 

"Ол жерде асыра сілтейтін, қиын эпизодтар жоқ. Тәуекелдің шынайылы мен табиғаты ойнады. Ешқандай ойнаудың, өзгертіп бірдеңе жасаудың қажеті жоқ. Ішкі органикасымен алып шықты", – деді Асқарова. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 13 Қазан, 2021 12:07
Талқылау