Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік шенеунік 500 мың пара алғаны үшін 15 млн төлейтін болды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкенттегі бөлімінің басшысына жарты миллион парамен ұсталғаны үшін 15 млн айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров шенеунікке қатысты үкім 21 тамызда шыққанын айтты.

"Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша талдау бөлімінің бастығы Сейілбекұлын 15 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттейтін үкім шығарылды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің баспасөз қызметі. 


Данияр Биғайдаров бұл лауазымды тұлғардың әкімшілік құқық бұзушылығы туралы кодексінің 162-бабы бойынша 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп жатқанын түсіндірді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2020 10:57
Талқылау