Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі құрылыс алаңында ер адам 9-қабаттан құлап кетті

Шымкентте құрылыс алаңында ер адам 9-қабаттан құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 24 қаңтар күні түскі уақытта болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам құрылысшы болып жұмыс істеген. Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесінің төменгі жағындағы құрылыс алаңында болған. Белгілі болғандай, жәбірленушінің жасы шамамен 30-да, ол 9-қабаттан 7-ші қабатқа құлаған. Оқиғадан кейін жәбірленуші дереу қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Сағат 12:52-де жедел жәрдем шақырылды. Ол биіктен құлап, 9-қабаттан 7-қабатқа құлаған. Диагнозы – оң жақтағы радиустың жабық сынуы, кеуде қуысының контузиясы, бүйректің контузиясы. Науқас №1 қалалық ауруханаға жеткізілді", –  деді операциялық бөлімге жауапты, аға ауысым дәрігері Кәріма Жантасова.

Еске салайық, 2022 жылдың 11 қарашасында Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап кеткен болатын. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде пайда болды. Бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастап, сараптама тағайындады.

Талқылау