Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі газ-ауа қоспасының жарылуынан ресейлік азамат зардап шекті

Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Нұрсәт мөлтекауданында 5-қабатты тұрғын үйде 2020 жылғы  09 қарашада сағат 06:27-де газ-ауа қоспасының жарылуы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға көпқабатты үйдің 1-қабатындағы бір пәтерінде орын алып, салдарынан 1957 ж.т. Ресей Федерациясының ер азаматы (пәтер жалдаушы) дене жарақатын алған, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Сонымен бірге пәтердің терезелері, есіктері зақымдалып, үй заттары мен жиһаздары жанды. Өрттің жалпы көлемі 35 шаршы метр құрады. Қауіпсіз жерге 4 адам шығарылып, 6 адам құтқарылды. Сондай-ақ, оқиғаның салдарынан көршілес орналасқан екі пәтердің терезелері, "Ауди" автокөлігінің алдыңғы әйнегі зақымдалған. Өрттің беті 06.42-де оқшауланып, сағат 07.20-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері газ шаруашылығының алдын ала мәліметі бойынша белгісіз себептерден газдың жиналуы.



Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 29 адам және 6 техника,  Апаттар медицина орталығы филиалының, жедел-құтқару жасақтың 8 қызметкері, 2 техникасы, Полиция департаментінің жеке құрамында 20 адам, 7 техникасы жұмылдырылды. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 09 Қараша, 2020 09:35
Талқылау