Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі дәмханадағы атыс: Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді (видео)

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, соңы адам өлімімен аяқталған еді. Қаланың полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкенттегі дәмханадағы атыс: Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді

Сурет: Otyrar.kz

Күні кеше белгісіз біреулер қаладағы Арғынбеков көшесінде орналасқан дәмханаға кіріп, оқ жаудырған еді. Полиция мәліметінше, бүгінгі таңда күдіктілердің тұлғасы анықталып, оларды тұтқындау бойынша шаралар қабылдануда.

«Оқиға орнын тексеру барысында қылмыс құралдары табылып, тәркіленді. Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» және «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптарына сәйкес іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Прокуратура және полиция департаменті басшылығы қылмыстық істің тергелуін айрықша бақылауда ұстап отыр», - дейді полициядағылар. 

Сонымен қатар полиция департаментіндегілер оқиға салдарынан екі адамның көз жұмғанын жоққа шығарып, бір адамның ажал құшқанын айтты.

Ал қалалақ денсаулық сақтау басқармасындағылар қазіргі уақытта оқиғадан зардап шеккен 4 адамның Шымкенттегі қалалық клиникалық ауруханада жатқанын айтты. Олардың барлығына ота жасалып, екеуі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. 

Сонымен қатар жарақаттанған тағы бір адам Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

«29 қазанда сағат 18:50-де 29 жастағы ер адам бас сүйек-мидың ашық жарақатымен түсті. Ол есін біледі», - дейді Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Еске сала кетсек, 29 қазанда Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан бір адам көз жұмған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...