Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі балаларды азаптау: Қамқоршылық органдары асырап алған әкенің психикалық проблемалары туралы білмеген

Шымкентте алты балаға жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған асырап алушы қорғаншылық алған кезде психикалық ауруының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay

"Бұзушылықтар болған кезде бұл отбасында алты бала болған. Олардың екеуі түпкілікті асырауға алынған. Төрт бала қамқорлықта болған. Балаларға қорғаншылық пен асырап алуды белгілеу кезінде үміткерлер құжаттардың тізбесін ұсынды және оларда балаларды асырап алуға немесе қорғаншылық белгілеуге қарсы көрсетілімдері жоғын растайтын тиісті анықтамалары болды”, – деді Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Оның айтуынша, мәжілісте балалардың құқықтарын қорғау және білім беру туралы заң жобасы қаралып жатыр, оған сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қойылатын талапты күшейту жоспарлануда. Бүгінде елімізде 400 қамқоршы қызметкер жұмыс істейді. Оның бесеуі Шымкентте, 450 баланы қадағалауға жауапты.

"Бұл мәселені балалары бар әрбір отбасына, әсіресе, балаларды қамқорлыққа алған отбасыларға үнемі барып, тұрмыс жағдайын қадағалайтын қызметкер бекітетіндей етіп шешу қажет. Қалған мәселелер бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қылмыстық іс аясында басқа ақпарат жария етуге жатпайды", – деп қорытындылады төраға орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте бір отбасынан шыққан асыранды балалар қайта балалар үйіне жіберілді. Асырап алған әкесі балаларының денесін жарақаттап, тамақ бермей, азаптағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Талқылау