Шымкентте жүк көлігі көпірдің қоршауын бұзып түсіріп, 4 автокөліктің үстінен құлады
Шымкентте жүк көлігі көпірден аударылып кетті. ГАЗ-53 көпірдің қоршауын бұзып түсіріп, 4 автокөліктің үстінен құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 14 сәуір күні таңертең Рашидов көшесінде, бұрынғы автовокзал маңында болған. Куәгерлер оқиға орнын видеоға түсірген.
Олардың айтуынша, ГАЗ-53 жүк көлігі қоршауды бұзып түсіріп, "ҚазМұнайГаз" жанармай бекеті аумағында төменге құлаған. Тұрақта 4 автокөлік тұрған.
Түркістан облысында әйел әріптесінің телефонын сұрап, оның атынан несие рәсімдеген
Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Көліктердің ішінде ешкім болмаған. Жүк көлігінің жүргізушісі де жеңіл жарақатпен құтылған.
Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Адам шығыны болмас үшін жүргізуші жолдан кетуге шешім қабылдаған. Өзге мәліметтерді полицейлер анықтауда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”