AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте "Visit shymkent" орталығы жыл басынан бері 100-ден аса экскурсия өткізді

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты "Visit Shymkent" туристік ақпараттық орталығы жыл басынан бері 10532 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Visit Shymkent" туристік ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына "бір терезе" қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қала аумағында туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарады. 

Қалада орналасқан ақпараттық киоскілер тарапынан жыл басынан анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетіліп келеді. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б. шетелден келушілер де бар. Қонақтарға қала туралы бүктемелер, кітапшалар және карталар таратылып, 115 экскурсия өткен. 

Одан өзге, қаладағы туризм саласына қажетті нысандардың жағдайын анықтау үшін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, туристік нысандардың дерек қорын жасақтап, сауалнама түзілді. Жалпы, Шымкент қаласының туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 20 меморандумға қол қойылған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр