AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тұрғындар бес пәтердің құнына тең дәретхананың сапасына шағымданды

Шымкенттегі дендросаябаққа орнатылған дәретханалардың құны бір бөлмелі пәтермен тең. Заманауи дәретхана жылыту жүйесімен, ыстық су және мүгедектерге арналған арнайы орынмен қамтамасыз етілуі керек болған. Алайда тұрғындардың сөзінше, дәретханалар өз бағасына сай емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

дәретхана

"Жылу жоқ, ыстық су да жоқ. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған кабинаның есігі мүлде жабық тұр. Ішіне қалай кіреді сонда? Көпшілігі ескі дәретханаларды қолданады. Себебі ол жақта тазарақ. Ал бұл 9 миллион теңге тұрмайды", – деді тұрғын Гүлжан Мейірбекова. 

Дендросаябаққа жаңа бес дәретхана орнатылған. Тұрғындардың сөзінше, ыстық судан бөлек мұнда жағымсыз иіс бар. Сондай-ақ кез келген уақытта тоқ соғуы мүмкін, себебі электр желісі кей тұстарда ашылып қалған. 

Анықталғандай, дәретханаларды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация сатып алған. Жұмсалған 45 миллион теңгені ұжымдық қордан алған. Ал жаңа дәретханаларды кәсіпті қолдау үшін және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арнап орнатқан екен. 

"Көшедегі дәретханаларға 45 миллион теңге бөледі. Кейін дәл осы қор 4 күннен соң әрқайсысы 9 миллион болатын дәретханаларды сатып алған. Бағасы бір бөлмелі пәтермен тең. Бұл – қаржыны тиімсіз жұмсау. Біз мұның демеушілер көмегі және ұжымдық қор қаржысы екенін түсінеміз. Дегенмен қаржыны тиімсіз жұмсау дегенді білдірмейді", – деді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің бас маманы Жани Қамбар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр