Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте туған қыздары ұрып тастаған әже балаларына кешірім берді

Шымкенттік соққыға жығылған әже балаларына кешірім берді, енді ол алимент алады. Бұл туралы адвокат Еркін Кахаров өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Шымкент қаласының Абай аудандық сотына зейнеткердің балаларынан алимент өндіріп алу туралы талап арыз берген.

"Судья процестің барлық қатысушыларын медиация бөлмесіне шақырды.  Ол бір қарағанда келіспейтін жақтарды татуластырды, балалар анасын құшақтап, оны сүйді, қателіктерін мойындады, өкінді, кешірім сұрады. Бір сөзбен айтқанда, мен ондаған түрлі медиация сессияларына қатысқаныма қарамастан, бұдан жақсы нәтиже көрген емеспін", - деп атап өтті құқық қорғаушы.



Сонымен қатар, Еркін Кахаров ол әженің алимент алатынын хабарлады.

"Әрине, шымкенттік менталитет үшін жағдай стандартты емес, бірақ соған қарамастан, бұл жағдайда көп нәрсеге сену қиынға соқты. Жақындарыңызға қамқор болыңыз және оларды жақсы көріңіз", - деді адвокат.

Еске салайық, Шымкентте қарт ананы қыздары мен күйеу балалары үй үшін ұрып тастаған. Бұл туралы бірінші болып Еркін Кахаров жазды, тегін қызметін ұсынды. Ақпарат тарағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр