Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте су-спорт кешенін сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған

спорт кешеніФото: yandex.kz

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы су-спорт кешенін сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Кешен 2017 жылы жеке тұлғаға сенімгерлік басқаруға берілген. Мен әкім болып тағайындалғаннан кейін барлық нысандарды тексеруді бастадық. Мониторинг жүргізу нәтижесінде су спорт кешенінің жағдайы белгілі болды, және оны мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданды. Міндеттемелерді өз мойнына алған кәсіпкер оны орындамағандықтан, қазір бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әкімнің айтуынша, қазір нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар алдағы бірнеше айда аяқталып, келесі жылдың басында кешен толық қуатымен жұмысын қайта бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі құны 1,2 млрд теңгелік спорт кешені адам шошырлық күйге жеткені хабарланған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметінде қала ма деген сұраққа жауап берген еді.

Рая Мінәп
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 16:40