Шымкентте су арнасынан бүлдіршіндердің мәйіті табылды
Шымкентте су арнасынан ата-анасының қарауынсыз қалған 2 сәбидің мәйіті табылды. Қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Фото: Шымкент ТЖД
Қаратау ауданы Геологтар саяжайындағы арнадан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі – 50 см, ені – 1,5 метр болатын суару арнасына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін судан алып шықты.
Екінші қайғылы оқиға Абай ауданының Алматы тасжолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін көрген. Бұл тазарту жүйесінің тереңдігі – 40 см, ені – 1 метр.
“Екі жағдайда да бүлдіршірдер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан ата-аналардан баларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз”, - деп жазылған хабарламада.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”