AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте снаряд жарылуынан зардап шеккен жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Шымкентте жарылғыш заттан зардап шеккен азаматтың бірі бүгін есін жиып, журналистерге болған жәйтті баяндап берді. 22 жастағы жігіттің сөзінше барлығы көз бен қастың арасында болыпты. Жойқын жарылыстан екі адам өліп кетуге сәл-ақ, қалған. Бірақ, оның бірі өмір бойы мүгедек атанды. Себебі, дәрігерлер азаматтың бір қолы мен бір аяғының жартысын кесіп тастаған екен.

Шымкентте снаряд жарылуынан зардап шеккен жігіт не болғанын айтып берді

22 жастағы жігіт жойқын жарылыстан қатты жараланған. Қазір денсаулығы бірқалыпты. Оның айтуынша, өзі Шымкентте такси қызметінде істейді екен. Сол күні қаланың шеткі ауданында тұратын нағашысына қыдырып барған, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Мен осындай жерде тұрсам, шамамен 4-5 метр жерде нағашым бірдеме кесіп отырған. Мен көлікті қыздырып, кетпекші болғанмын. Сонымен атылды, бір кезде көзімді ашсам жерде бүктеліп жатырмын. Одан кейін не болғанын білмеймін», – дейді жәбірленуші.

Жарылыстан зардап шеккен екінші ер адамның жағдайы мәз емес. Қазір қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер оның бір қолы мен аяғының жартысын кесіп тастапты. Басқа амал қалмады, дейді.

«Ота кезінде науқастың сол аяғының орта бөлігінен және сол қолының орта бөлігінен ампутация жасалды», – дейді Шымкент қаласы клинкалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Осы күні оқыс оқиға болған үйде ешкім жоқ. Есік сыртынан жабық тұр. Күйеуінің басына түскен ауыртпашылықты көтере алмай, жұбайы да ауруханаға түскенге ұқсайды. Ал, олардың үш перзенті туыстарының қолына кетіпті. Көршілердің сөзінше бұл отбасы осында бірнеше жылдан бері тұрады екен. Отағасы тұрақты жұмысы болмағандықтан, арагідік темір-терсек жинаумен айналысқан көрінеді. Кешегі әскери жарылғыш зат Арыс қаласынан жеткізіліпті.

«10 жылдай болып қалды бірге тұрғанымызға. Әйтеуір, жаман емес, жақсы адамдар. Темір терсек болғанда, әйтеуір метал қабылдайтын орынға тапсырамыз дейтін», – дейді жәбірленушінің көршісі Гүлзат Жанысбаева.

Бұл жағдай оңтүстікте алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Осыдан дәл 10 жыл бұрын Арыс қаласында оқ-дәрілерді залалсыздандыру орталығында үлкен жарылыс болып, үш адам қайтыс болған еді. Арада, 7 жыл өткенде тағы қайталанып, 2 адам өліп кетті. Енді міне, орны толмас өкініш ешкімге сабақ болмаған секілді. Кеше Арыс қаласынан жеткізілген деген снарядтан тағы екі адам зардап шегіп отыр. Ал, әзірге екі жәбірленуші ауруханада қала бермекші. Жарақатынан жазылған соң ғана отбасымен қауышады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр