AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың әнімен өрілген "Сыған серенадасы" көрермен назарына ұсынылды

Шымкентте Жұмат Шанин атындағы академиялық драмма театрында Шәмші Қалдаяқовтың әнімен өрілген "Сыған серенадасы" көрермен назарына ұсынылды.

шамши театр

Ақын, драматург Исрайл Сапарбайдың поэтикалық музыкалық драмасында Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен әсіресе ән падишасының жұртшылыққа белгісіз тұстары баяндалған. Драманың бас қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов.

Оқиға желісі бойынша жас Шәмшінің Изольда есімді сыған қызына ғашық болғаны, көшіп-қонып жүрген халықтың қазақ жерінен кетер тұста ғашықтар қимастықпен қоштасады. Себебі, Шәмші туған жерін, елін тастап, сүйгеніне еріп кете алмайды. Осылайша, қос жүректің махаббатынан дүниеге "Сыған серенадасы" әні келеді.

Бұл нәзік сезім мен романтикалық шығарма – кіршіксіз, таза махаббаттың жемісі болды. Спектакль дарынды композитордың әнімен сүйемелденді. Поэтикалық драма желісіндегі арпалыс, сезім машақаты, Шәмшінің өрмінезді өнегесі көрермендердің көңілінен шықты. 

Бүгінде Ш.Қалдаяқовтың өміршең туындысын еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін сүйіп тыңдайды. Ән падишасы өзі болмаса да оның шығармалары қазақ халқымен мәңгі жасайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр