Шымкентте перинатальды орталықта зейнеткер дәрігерді ұрып жіберген

Фото: Mos.ru/Евгений Самарин
Шымкенттегі перинатальды орталықта зейнеткер акушер-гинекологты балағаттап, ұрып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 13 шілдеде болған. Зейнеткер медицина қызметкерлері мен науқастардың бар екеніне қарамастан, кезекші акушер-гинекологты балағаттап, ұрып жіберген.
Сот материалдарына сәйкес зейнеткердің әрекеті "Ұсақ бұзақылық" бабымен қаралған. Сотта ол кінәсін мойындап, кешірім сұрапты.
Еске салайық, Қостанай ауруханасында тағы да науқас дәрігерге шабуылдаған еді. Фактті Қостанай облысының полиция департаменті растады. Олар дәрігерге шабуыл жасалғанын хабарлады: "Ұрып-соғу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Науқас пен дәрігер арасында жанжал болған екен. Екеуі де қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Сұрақ-жауап жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі