Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өкпені жасанды желдету аппаратын жасайтын зауыт ашылады

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов мегаполисте өкпені жасанды желдету аппаратын жасайтын зауыт ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ИВЛ

"Біз жақын арада Kazmedpribor ЖШС-мен бірге ӨЖЖ аппараттарын шығара бастаймыз. Бұл жобамен үш ай бойы белсенді жұмыс істедік. Келесі кезең - қажетті сертификаттарды алу және біз толық іске кірісеміз", - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Дегенмен, Әйтенов бірінші кезекте қаладағы ауруханаларды керек-жарақтармен толтырып, содан кейін елдің басқа ауруханаларына көмектесу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, әкім  "Kazmedpribor Holding" ЖШС директоры Рахат Байзақовқа ерекше алғысын білдірді.

Әйтеновтің жазуынша, Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлаған.

 

 

 

Талқылау