Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте лифтте әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды

Шымкент полицейлері лифтте балалы әйелді зорламақ болған ер адамды ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зорламақ болған

25 мамыр күні Қаратау аудандық полиция басқармасына тұрғын арыз түсіріп, лифт ішінде белгісіз адамның өзін зорлауға тырысқанын айтқан. Аталған деректі полицейлер Қылмыстық кодекстің 24-120-бабы "Зорлауға оқталу" бойынша тіркеуге алған. 

"Жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің батылдығын ескере отырып, полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды. Іс Полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды", – делінген полиция хабарламасында. 



Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағаттың ішінде күдіңктінің жеке басын анықтаған. 

"Ол жас жігіт, мегаполис тұрғыны болып шықты. Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі пойыз вагондарының бірінде құрықтады. Күдікті түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді", – деп қосты ведомстводағылар. 

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде ер адамның балалы әйелге шабуыл жасағаны түсіп қалған видео тараған еді. 

Талқылау