Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қол астындағы қызметкерлерден құлаққап пен сағат сұратқан полковник сотталды

Шымкентте  жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұхарбаев жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол лауазымды өкілетін асыра пайдаланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі адвокат Талғат Есімовтің парақшасына сілтеме жасай отырып. 

мухтарСурет: Otyrar News түсірілімінен скриншот

15 қыркүйек Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Шымкент полиция департаментінің экс-бастығы Мұхтар Бұхарбаев “Билігін немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану” ҚК 362-бабы 4-бөлігі бойынша жеті жылға сотталды.

Айыпталушы жол-патрульдік полкінің және жергілікті полиция қызметінің бастығы болып, өз қарамағындағы қызметкерден ұялы телефон, құлаққап, сағат және жиһаз бен қымбат киім талап еткен. Жәбірленушіге  3 194 305 теңге зиян келді.


  • Қостанай облысында полиция бөлімі басшыларының ұсталғаны хабарланды

Сот шешімі бойынша Бұхарбаев жеті жылға бас бостандығы мен өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылды.

Ақпар айында полиция қызметкерлерінің бірі әлеуметтік желіде президентке хабарлама жасап, бастығының тарапынан жасалған қысымға наразылығын көрсету үшін бейнежазба жолдады. Мұнда полковниктің талап еткен бағалы заттары туралы айтылады.

Талқылау