Шымкентте қоқыс жәшігінен қыздың мәйіті табылды: Күдікті ұсталды

Фото: Іnstagram/volontery_almaty_lider.kz
Шымкентте 21 шілдеден бері іздеуде болған 26 жастағы қала тұрғынының денесі қоқыс жәшігінен табылды. Қалалық полиция департаменті марқұмды өлтірді деген күдікпен бір адамның ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
“Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары әдейі жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және бұл әрекет заңнамаға сәйкес жазаланатынын ескертті.
Бұған дейін Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген