Шымкентте қоғамдық көліктер кондукторсыз қызмет көрсете бастады
Шымкенттегі "Т-Бас" тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 автобус пилоттық жоба ретінде кондукторсыз қызмет көрсетуде. Демек автобусқа мінген әрбір азамат өзі электронды түрде жолақысын төлейді. Оның бірнеше жолы бар: "Төлем" картасы, sms код және qr код арқылы жолақысын төлей алады.
Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алғандығын тексеріп отырады.
Пилоттық жобаның мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, жүргізушінің жалақысын көтеру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, жолақы төлемін автоматтандыру, жалпы алғанда қоғамдық көліктерде мәдениеттілікті қалыптастыру.
Бұл жүйе әлемде және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы секілді мегаполистерінде іске асқан.
”Қала тұрғындарын бұл жаңа жүйеге түсіністікпен қарауға шақырамыз”, – дейді әкімдік өкілдері.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн