Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкерлер танымал компанияның қамыр қопсытқыштарын көшірмелеп сатқан

Шымкенттің екі тұрғыны осы уақытқа дейін танымал қамыр қопсытқыштың көшірмесін жасап, сауда белгісін заңсыз пайдаланып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, екі өнімнің сыртқы қаптамасына қарап олардың түпнұсқа мен көшірме екенін ажыратуға болады. Бірақ құрамдарындағы айырмашылықты анықтау мүмкін емес.

"Көшірмеде анық жазулар мен суреттер жоқ. Қаптаманың артқы жағындағы таңбалауда айырмашылықтар бар. Сондай-ақ, тауардың контрафактілік өнімдерінің өндірілген күні қанық түске боялмаған", - дейді Шымкент қалалық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Құрбанбек Қыстау.

"Тауар таңбалары туралы" заңға сәйкес контрафактілік тауарлар авторлық құқық иеленушісінен рұқсатсыз пайдаланылған болып саналады. Сонымен, қоймасында 1200 бума қопсытқыш ұнтақ болған азаматқа 92 мың теңгеге жуық айыппұл салынса, 5,5 дана өнімі бар тұрғынға 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды.



"ӘҚБтК-тің 158-бабына сәйкес, "Cykorya S" тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін А. фирмасына әкімшілік хаттама жасалып, сотқа жолданды. Сот шешіміне сәйкес азамат Х.-ға 30 АЕК, азамат Е.-ге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - дейді Шымкент қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Азат Рахметов.

Мамандар тауар таңбаңыздың заңсыз пайдаланылғанын байқасаңыз, Әділет департаментіне жүгінуге болатынын мәлімдеді.

Талқылау