Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығын 18 миллиард теңге: Алматыда белгілі кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен тартып алғандарға қатысты жаңа деректер жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегушіге келтірілген шығын 18 миллиард теңге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

рейдер

14 шілдеде Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

“Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың 9 млн АҚШ долларына жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді”, – дейді баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Еске салайық, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік жолмен басып алумен шұғылданған топты ұстаған еді.  

Талқылау