Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте карантин режімі күшейтіледі

Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Ал жұмыс күндері автобустар кесте бойынша жүре бастайды. Қала тұрғындарына саябақтар, скверлер және туристік орындарда серуендеуге рұқсат жоқ. Қала әкімшілігі тұрғындарға, әсіресе, 65 жастан асқан қарияларға үйден шықпауға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шымкентте базарлар да жабылады. Сенбі және жексенбі күндері балалар мен спорт алаңдарында серуендеуге тыйым салынады. Жергілікті билік қатаң оқшаулануды талап етеді.

"Ірі сауда желілерінің – азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, әмбебап базарлардың, ойын-сауық және сауда орталықтарының, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен спорт кешендерінің қызметі уақытша тоқтайды", - деп түсініктеме береді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

Жұмыс күндері автобустар: таңертең - сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін, кешке - сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қалалық әкімдіктің айтуынша, тұрғындар әлі күнге дейін қауіп-қатердің ауқымын түсіне алмай отыр. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар ЖРВИ және пневмониямен жиі ауыра бастаған.

Ербол Садырдың ақпараты бойынша, маусым айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда "пневмония" диагнозы бар пациенттердің жедел медициналық көмек бригадаларын шақыруы 43%-ға өскен. ЖРВИ диагнозымен ауруханаға түскендер екі есе өскен.

Осы демалыс күндері шымкенттіктер үшін қосымша шектеулер қойылады. Жұмыспен қамту орталықтарында таңғы сағат 8:00-ден 12: 00-ге дейін және тек қана онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер үшін жаңа жұмыс кестесі болады. Қалада карантинді 6 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Маусым, 2020 20:56
Талқылау