AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %

Шымкентте кафе мен мейрамханаларға түннің ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат берді

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, Шымкентте 25 мамырдан бастап әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлері өзгертілді.

Осылайша, Ashyq жобасына қатысатын мейрамхана, кафе және кофехана түріндегі қоғамдық тамақтану орындары, жазғы алаңдарға 60 орыннан аспайтын, 50 пайызға дейін толтыру шартымен 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Ashyq жобасына қатысатын фудкорттарға толтырылуы 20 пайыздан, орындар саны 30-дан аспаған кезде 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Мәдениет объектілеріне 50-ге жуық адамның қатысуымен, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға репетиция өткізуге рұқсат етіледі. Театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына және филармонияға Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы 40 пайыздан аспайды).

Бұл ретте ойын-сауық, бұқаралық шаралар өткізуге әлі де тыйым бар екенін атап өткен жөн. 

Бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, боулин, цирк, букмекерлік конторлар, банкет залдары мен көрмелер қызметіне тыйым салынған

Айта кетейік, Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймақта орналасқан.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысу болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр