Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте есту қабілеті нашар қызды зорлаған 28 жастағы жігіт сотталды

Шымкентте есту қабілеті нашар қызды зорлаған 28 жастағы жігіт сотталды

Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот 28 жастағы ер адамды есту қабілеті нашар қызды зорлағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот процесі жабық түрде өтті.

Соттың мәліметінше, айыпталушының кінәсі қылмыстық іс аясында жиналған дәлелдермен толық дәлелденді. Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Бұл жайт сот тарапынан жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

“Сот барлық жағдайды ескере отырып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылып, моральдық зиян ретінде 3 миллион теңге өтемақы өндіру міндеттелді”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.


"Сусынына есірткі қосып берген": Алматы облысында 13 жастағы қызды әлдекім зорлап кеткен


Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға нақты бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған, ал жәбірленуші тарап айыптауды қолдап, үкіммен келіскенін және апелляцияға шағымданбайтынын мәлімдеген.

Айыпталушы жазаны жеңілдетуді сұрағанымен, сот оның жасаған қылмысының ауырлығы мен қоғамдық қауіпін ескере отырып, жазаны сол күйі қалдырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Астанада 17 жастағы қыз қатарласы айлар бойы зорлап келгенін айтқан еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 20:11
Талқылау
`