Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шымкентте ешқандай боран жоқ": Жолаушылар FlyArystan әуекомпаниясының рейсті 5 сағат кешіктіргеніне шағымданды

Жолаушылар FlyArystan әуекомпаниясының рейсті 5 сағатқа кешіктіргеніне шағымданып, наразылықтарын білдірді. Сөздерінше, олар ауа райын сылтауратып, рейсті себепсіз кейінге қалдырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот/Pinterest.com

4 наурызда FlyArystan әуекомпаниясының Астана-Шымкент рейсімен ұшпақ болған тұрғын желіде наразылығын білдірді. Видеода жолаушылардың бірі ашуланып, шу шығарғанын көруге болады.

“FlyArystan адамның жүйкесін жұқартып болды. Бортты ауыстыру үшін рейсті 5 сағатқа кешіктірді. Бірақ әуекомпания Шымкентте боран соғып жатыр деп сылтауратты. Ол жақта ешқандай боран жоқ. Басқа әуекомпаниялар өз уақытымен ұшып жатыр”, – делінген жолаушы жариялаған видеода. 



Stan.kz тілшісі жағдайға қатысты  FlyArystan әуекомпаниясынан түсініктеме сұрап, рейстің кешіктірілу себебін сұрады.

“4 наурызға жоспарланған FS7307 “Астана – Шымкент” рейсі Шымкенттегі қолайсыз ауа райына байланысты кешіктірілді. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағында қонуға әсер ететін қатты жел мен төмен көріну деңгейі негізгі себеп болды.

Шымкент әуежайында ұшу-қону жолағының қарама-қарсы жағынан қону мүмкін емес, себебі қарсы жолақ ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін жасанды кедергілер (құрылыс нысандары) салдарынан уақытша жабық”, – деп түсіндірді әуекомпанияның баспасөз хатшысы.

Сөзінше, әр әуекомпанияның ұшағы әуе кемесінің түріне қарай ерекшеленеді, кей әуекомпанияның ұшақтары мұндай ауа райында ұшуға қабілетті.

Олар рейсті кешіктіргені үшін аталған рейс жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылғанын айтады.   

Яндекс Ауа райының дерегі бойынша Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, қатты жел туралы да ескертілмеген. Күндіз желдің жымдамдығы 2,4 м/секунд деп жазылыпты. 

Еске салсақ, бұған дейін ақтаулық жас спортшылар FlyArystan әуекомпаниясы дөрекілік танытты деп шағымданған еді. 

@photosinterr #астана #шымкент #задержка #рейс ♬ оригинальный звук - photosinterr
Талқылау