Шымкентте еріктілер 92 жастағы тыл ардагерін тарақан мен қоқыс басқан пәтерден тапты
Фото: видео кадрларынан скрин
Шымкентте еріктілер Мария Пономарева есімді 92 жастағы тыл еңбеккерін қараусыз, күтімсіз лас пәтерден тапты. Оған қарауға тиіс сіңлісі жәрдемақыларын алып отырғанымен, мүлде күтім жасамаған. Еріктілердің айтуынша, тарақандар мен қоқыс арасында өмір сүрген кейуана сөйлемей қалған. Бұл турлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, зейнеткер бейімдеу орталығына жеткізілген.
Еріктілердің айтуынша, Мария Пономарева сіңлісімен бірге тұруы керек болған. Себебі ол кейуананың зейнетақысы мен басқа да төлемдерін алып отырған. Жеңіс күні қарсаңында Пономарева медальмен марапатталып, оған 15 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек көрсетілген. Алайда қаржыны оған жекелей келіп емес, сіңлісі арқылы берген.
Еріктілер туысының әжесіне тиісті күтім жасамайтынын алға тартты. Кадрларда әйелдің лас пәтерде, жәндіктер мен қоқыстың ортасында жалғыз отырғанын көруге болады.
Басқарма әлеуметтік бейімдеу орталығының мобильді тобы құрылғанан кейін Пономареваға келгенін атап өтті. Мамандар пәтерге келгенде есік құлыптаулы болғасын кіре алмаған. Бірақ олар әйелдің еденде жатқанын көрген. Көршілері Пономареваның әпкесі соңғы күндері үйге оралмағанын растаған.
Фото: Шымкент жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының суреті
Әйелдің туыстарымен байланысу мүмкін болмағандықтан, есік көршілердің рұқсатымен ашылды.
"Әжені шұғыл түрде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға арналған орталыққа жеткіздік. Ол жерде оны жуындырып, тамақтандырып, қажет медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр", – деп атап өтті басқарма.
Құзіретті органдар тиісті тексерулер жүргізеді.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
