AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адамның аттракционнан құлауы: Саябақ басшысы жігіттің өзін кінәлады

Шымкентте 20 жастағы жігіттің аттракционнан құлауына қатысты саябақ басшысы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Жайлаукөл саябағында болған. Жапа шеккен азамат қызметкерлер ауыз ашуға кеткен кезде билетсіз кірген. Қауіпсіздік ережесін сақтамаған ол бес метр биіктіктен тасқа басымен құлаған.

Оқыс оқиға кешкісін ауызашар уақытында болған. Нұсқаушы маман оразасын ашуға кеткенде 20 жастағы жігіт аттракционға билетсіз кіріп кетіпті. Қауіпсіздік белдігін өзінше таққан ол қауіпті қабырғамен өрмелей жөнелген.

Тек мініп түсудің орнына бес-алты метр биікте ары-бері шайқала бастаған. Осы кезде дұрыс тағылмаған белдік шешіліп кетіп, бозбала жұмсақ төсеніш үстіне емес, тастың үстіне құлайды. Құлап бара жатқанда аяғы темір қоршауға ілініп қалған.

Оқиға орнынан қанның ізін әлі де байқауға болады. Ауыр жарақаттан есін жоғалтқан жігітке саябақ қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдыртыпты. Миы шайқалған ол әлі тілге келген жоқ.

"Жазатайым жағдай қауіпсіздік белдігінен болуы мүмкін емес", – дейді аттракцион қызметкерлері. Өйткені альпинистік арқандар мен мамандары жыл сайын шетелде сынақтан өтіп тұрады екен. Сондықтан саябаққа  ұрланып кірген жігіт өз салғырттығынан мертікті деп санайды.

Бекболат Төлеев, саябақ директоры: “Карабин тағатын жер бар, одан кейін қасында супуын ілетін, тағы басқа тағатын жері болады. Карабинді су ілетін жерге байлаған, Асығып, дұрыс тақпаған. Егер дұрыс таққанда, қандай жағдай болса да сақтайтын еді. Ондай жағдай болмас еді”, – дейді саябақ директоры Бекболат Төлеев.

Саябақ басшылары ес-түссіз жатқан жігітке қолдан келер көмекті аямаймыз деп сендірді. Десе де  қазір нысанның қызметін құзырлы орындар тексеріп жатыр. Сондай-ақ полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр