Шымкентте ер адам туған қызын төрт жыл бойы зорлап келген
Фото: depositphotos.com
Шымкентте ер адам туған қызын төрт жыл бойы зорлап келді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жуырда адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде Шымкентте ер адамның төрт жыл бойы 15 жастағы туған қызына зорлық көрсетіп келгені туралы жазба жариялаған еді.
Шымкент қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
“Күдікті қысқа мерзім ішінде ұсталды, сот шешіміне сәйкес оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген полиция хабарламасында.
"3,5 миллион теңге ауызбастырық алды": Шымкентте 16 жастағы қызды зорлағандардың ісі жабылып қалды
Қазір қажет тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция іске қатысушылардың жауаптары тексеріліп, дәлелдер жиналып жатқанын атап өтті.
“Жүргізілген жан-жақты тергеудің нәтижелері бойынша қылмыстық іске қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қазір күдікті қамауда. Сонымен қатар жәбірленушінің жауабы бойынша оған қатысты басқа адамдардың әрекеттері расталмады. Жүктілік пен жасанды түсік туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалатыны туралы жазған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"