Шымкентте эпилепсия талмасына ұшыраған жүргізуші ағашқа соғылып, көз жұмды
Шымкентте есін жоғалтқан жүргізуші ағашқа соғылып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
28 қараша күні сағат 17:30-да Ақпан батыр мен Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісінің эпилепсия талмасы ұстап қалды. Есін жоғалтқан жүргізуші ағашқа соғылып, көз жұмған.
Апатқа ұшыраған ер адамның жасы шамамен 35-40-та.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем ер адамның өлгенін анықтаған.
Жол-апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Автокөлік салонында болған жолаушы жеңіл жарақат алған.
Айта кететін жайт, эпилепсиямен ауыратын адамдар жүргізуші куәлігін тек белгілі бір жағдайларда ала алады.
Жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы баланың анасы Тараз әкімдігінің қызметкерін кінәлайды – (видео)
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”