Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді
Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.
Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды.
Қойылымдардың күні мен уақыты:
26 қазан күні, сағат 15:00-де "Жаңаталап" мәдениет үйі
27 қазан күні, сағат 15:00-де "Шапырашты" мәдениет үйі
29 қазан күні, сағат 15:00-де "Сайрам мәдениет" үйі
Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”