Шымкентте баласы донор болып, әкесін аман алып қалды

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясы бойынша 248-ші ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баласы өз бүйрегін беріп, әкесінің өмірін құтқарып қалды.
Реципиент, яғни донордан ағзаны алған адам 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 2025 жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған.
“Донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері сәйкес келіп, трансплантация отасы сәтті өтті. Қазір науқастардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды”, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін Шымкентте 35 бауыр трансплантациясы және 248 бүйрек трансплантациясы жасалған.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен