Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ата-аналары кездесуге рұқсат бермеген 15 жастағы жасөспірімдер із-түссіз жасырын кетіп қалған

Шымкентте ата-аналары кездесуге рұқсат бермеген 15 жатағы жасөспірімдер бірге үйлерінен кетіп, іс-түссіз жоғалып кеткен. Екі жақтың да отбасы ұлы мен қызын іздеп полицияға жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ИА "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен алынған

Үлкендер романтикалық қарым-қатынас орнатуға тыйым салған соң, 15 жастағы қыз бен жігіт осындай қадамға барған. Олар кешкі уақытта ата-анасынан жасырын түрде кездесуге кеткен.

Алайда кейін балаларының үйде жоқ екенін байқаған ата-аналар оларды іздеп, кейін полицияға хабарласқан. 

"Тұран ауданының тұрғыны 15 жасар қызына таба алмай, полицияға хабарлаған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшыларына тағы да осындай қоңырау түсті. Бұл жолы жоғалған жігіттің анасы дабыл қақты", - делінген Шымкент қалалық ІІД хабарламасында.

Қызметкерлер жастар көп жиналатын орындарды, саябақтарды, алаңдарды, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды тексерді. Олар көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын да тексерді. Нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына қайтарылды.

Талқылау