Шымкентте әкімдік ғимаратынан өрт шықты (видео)

14 тамызда Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі ғимаратының шатыры өртенді. Төтеншеліктер өрттен ешбір адам зардап шекпегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, таңға жуық "112" қызметіне Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратының шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Өрттің жалпы көлемі 1200 ш.м. болды. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толығымен сөндірілді. Өртте зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда", – делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы және 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника мен 3 маман, жергілікті атқарушы органнан 2 техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"