Шымкенте 13 жасар марқұм баланы емдеген емшінің әйелі: Емші шок күйге түсті, дәрігер шақыртып жатырмыз

Қолы сынған баласын халық емшісіне апарған шымкенттік ата-ана қайғыдан қан жұтып отыр. Олар ұлын дер кезінде дәрігерге көрсетпегені былай тұрсын, баласының жарақатын асқындырып алыпты.

Шымкенте 13 жасар марқұм баланы емдеген емшінің әйелі: Емші шоктық күйге түсіп қалды, дәрігер шақыртып жатырмыз

Оның арты орны толмас қайғыға ұласып, жасөспірімді қараған сынықшы тергеуге алынған. Ал оның әйелі болса, кінәнің бәрі сыныққа салғырттық танытқан ерлі-зайыптыларда дейді. Оқыс жайттан соң емшінің өзі стресске түсіп, бірнеше рет жәдел дәрдем көмегіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 18-шағын ауданда болған. Осында тұратын халық емшісіне ата-анасы бір апта бұрын қолы сынған жасөспірімді емдеткен. Сынықшы оның қолын қайта салып беріпті. Алайда жарақат жазылудың орнына баланың денсаулығына кері әсер ете бастаған. Сол кезде анасының өтініші бойынша емші күнделікті ем-дом жасап, бақылап отыру үшін баланы өз үйі маңындағы уақытша пәтерге орналастырған. Бірақ неге екені белгісіз жасөспірімнің хәлі аяқ астынан нашарлап, жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. 

Ал, емшінің жұбайы оның маңына шаң жуытар емес. Бірақ, ол қайғылы жағдайдан кейін күйзеліске ұшырап, науқастарды қабылдауды тоқтатқанын айтады. 

"Ешқандайда бұл жерде болған емес. Ол бір апта келіп кеткен адам. Ештеме анықталмаған. Сол үшін бірнәрсені бізге жабуға асықпаңыздар. Уақыт сағаты келеді, барлығының ақ-қарасы шешіледі. Жарайма. Дәл қазір асықпаңыздар. Емші күйзелісте. Шоктық күйге түсіп қалған, күніге скорый шақырып жатырмыз. Сол үшін мазаламаңыздар. Өтініш Сіздерден", - деді әйелі Ақмарал. 

43 жастағы халық емшісін жергілікті жұрт ел жақсы таниды екен. Көршілерінің айтуынша, оған алыс-жақын шет елдерден де көптеген адамдар іздеп келетін көрінеді. 

"Мен мұндай адам көрген емеспін. Әр жерден барып, ренгенге түскен емеспін, бірақ қаралғанмын. Осы кісі ғана ені емдеп берді. Соған мен ризамын. Өз басым разымын. Мен ғана емеспін. Мыңдаған адам разы. Енді бұл кісі мен құдай емеспін деп айтады. Кішкене кезінен дарыған", - дейді көршісі Бақытжан Жасұзақұлы.

Осы күні аталмыш дерекпен Шымкент полиця департаменті айналысып жатыр. Қылмыстық Кодекстің 104-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын бастап кеткен.

Ал, көз жұмған жасөспірімді туыстары жер қойнына тапсырған. Ал, бүгін жетісін беріпті. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы жеткіншектің көз жұмғанын хабарлаған едік. Бұған қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр