Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы жеткіншек көз жұмды: Полиция қылмыстық іс қозғады
Шымкент полициясы емшіге емделіп жүрген 13 жастағы жеткіншектің көз жұмуына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 12 тамызда 13 жастағы жеткіншектің неден көз жұмғанын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізуде.
«Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 104-бабы 1-тармағына (Абайсызда қазаға ұшырату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінеді полиция хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы жеткіншектің көз жұмғанын хабарлаған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады