Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласында карантин режимі ұзартылды

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері 2021 жылғы 1 шілдедегі "қала аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы" жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шымкент қаласында карантин режимі мен шектеу шараларын 2021 жылғы 2 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзарту қажет", – делінген құжатта.

Осылайша, адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар (туған күндер, юбилей, құдалық, той, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі.

Қоғамдық орындарға барған кезде маска режимін сақтау, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді қолдану міндетті.

Медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қоспағанда, коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа қабылдау шектеледі.

Бұл ретте автовокзалдар мен автостанциялар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану орындарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады.

Қарбалас уақытта қоғамдық көлік санын көбейтуге шешім қабылданды.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 01 Шілде, 2021 18:05
Талқылау