Шымкент қаласы 31 наурыз күні кешкісін жабылады
31 наурызда сағат 21.00-ден бастап Шымкент қаласында қосымша шектеу шаралары қолданыла бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов бейне-хабарламада мәлімдеді.
Хабарланғандай, біз транзиттен және қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін машиналардан басқа кез-келген автомобильдердің кетуіне және кіруіне тыйым салу туралы айтып отырмыз. Сондай-ақ, Шымкент қаласының аумағында барлық азаматтар үшін міндетті маска тағу режимі орнатылады.
«Бүгінгі таңда әкімдік коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдады. Алайда бұл жеткіліксіз. Тұрғындар саналы және толық жауапкершілікпен санитарлық және шектеулі талаптарды сақтауы керек. Отбасылық мерекелер мен діни жораларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Әкімдік тапшылықтың алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауда», - деді әкім.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”