Шымбұлаққа барар жол уақытша жабылды
"Қазселденқорғау" ММ ұсынысымен қар көшкіні қаупіне байланысты Шымбұлаққа апаратын жол уақытша жабылды.
Ведомствоның мәліметінше, 9 наурыздан бері қардың ұлғаюы 30 см-ге жеткен. Бүгін таңғы сағат 9:49-да Үлкен Алматы өзені алабында 7 қар көшкіні тіркелді.
"Медеу мұз айдыны - Шымбұлақ тау-шаңғы кешені" автожолы бойында 11 қауіпті қар көшкіні жүріп жатыр. Қар көшкіні өтіп бара жатқан көліктер мен демалушыларға қауіп төндіреді.
Адам өлімінің алдын алу мақсатында Шымбұлаққа баратын жол көліктер үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де уақытша жабылады.
Еске салайық, қауіп жыл сайын көктемде күрт артады. Бұл қыста қардың көп жиналуына байланысты. Көктемгі қар кез келген сәтте көшкін түрінде құлауы мүмкін.
Негізінен көктемгі қар көшкіні түскі уақытта түседі. Қар көшкінінің үлкен көлемде түсу ықтималдығы жоғары.
"Қазселденқорғау" ММ-мен келісе отырып, жолдың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Айта кетейік, 10 наурыз күні “Шымбұлаққа" тау шаңғысымен сырғанауға барған ер адам қар көшкіні кезінде көз жұмды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
