Шикі ет жеген бүлдіршіннің ата-анасын полиция іздеп жатыр
ІІМ бүлдіршіннің шикі ет жегенін видеоға түсірген ата-ананы іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина баланың заңды ата-анасы табылғаннан кейін түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Ал әзірге оларды ішкі істер министрлігі іздестіруде.
"Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек. Сонымен қатар, олар баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын есте ұстаған жөн", - деп түсіндірді Юлия Овечкина.
Естеріңізге сала кетейік, шикі ет жеген бүлдіршіннің видеосы желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Видеодан кішкентай бүлдіршіннің шикі етті қомағайлана жеп жатқанын көруге болады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
