"Шығыстың адамы болған соң білеміз": Баян Мақсатқызының экс-жұбайы ел алдына шықты
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының экс-жұбайы Бақытбек Есентаев көпшілік көзіне көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Ол бұғының емін жарнамалап, денсаулыққа пайдасын насихаттап жүр. Алматыдағы пантованна жасайтын сауықтыру орталығына барып ем алған. Оның видеосын журналист Нұрсерік Жылқышыбай жеке парақшасына жүктеген.
“Көңіл-күйім тамаша. Ем өте жақсы болды. Будан шыққандай әсер алдым. Мұның қандай ем екенін түсінбей жүргендер келіп көрсін. Біз шығыстың адамы болған соң білеміз. Маралдың емін бәріне көрсету керек. Денедегі суық шықса, жақсы болады", – дейді Есентаев.
- "Оның істегенін ақтау мүмкін емес": Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасын айтты
-
"Мейірімді екеніңіз көрініп тұр". Бақытбек Есентаев өзін іздеген кішкентай қызбен кездесті
Еске салайық, Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, жақындарымен қауышқан еді.
Белгілі кәсіпкер әйелі Баян Есентаеваға (қазіргі Алагөзоваға) пышақпен бірнеше рет соққы бергені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Баян бір өлімнен аман қалды. Оны үлкен қызы әйелді ашулы күйеуінен құтқарып қалған еді. Есентаев 9 жылдың 6 жылын өтеп, енді жәбірленушінің келісімімен бостандыққа шыққан.
@zhylkyshybaynurseiit #бақытбекесентаев #аламанпантованна #қазақжігіттері #алғақазақстан🇰🇿 #жылқышыбаймен ♬ оригинальный звук - Жылқышыбай⚡️