Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған (видео)

Аудан әкімі Қуаныш ТөлеуханФото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағат сөз айтқан сәттің бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінде болған. Кадрларда ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойып жатқан сәті көрінеді. Әңгіме барысында екі тарап арасында дау туындап, шенеунік өзін ұстай алмай, бейәдеп сөздер айтқан. Бейнежазбада полиция қызметкері де бар. Бір әйел тәртіп сақшысына "неге ешқандай шара қолданбайсыз?" деп сұрақ қояды, алайда ол еш жауап бермейді.

Әкімге бұл сауалдар ұнамаған болуы керек, ол ашуға беріліп, бейәдеп сөздер айтып, агрессия танытқан. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Қуаныш Төлеуханнан ресми түсініктеме талап етілгенін хабарлады. Материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

Айта кетейік, Қуаныш Төлеухан Шілікті ауылдық округінің әкімі қызметіне 2025 жылдың 24 шілдесінде тағайындалған. Яғни, оның лауазымда отырғанына үш айға да толмаған.


Астана тұрғындарын балағаттап, өлім тілеген танымал қаржы сарапшысына қатысты тексеріс басталды


"Қол астындағы қызметкерді қорқытқан": Даулы видеодан кейін Қорғаныс министрлігі тексеріс бастады


 

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жасөспірім полиция қызметкерін "қоқыс" деп балағаттағанын жазған едік. Оқиға 21 тамыз күні Ақтауда болған. Патрульдік полиция мемлекеттік нөмірі жоқ мопедті тоқтатып, тізгінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғанын анықтаған. Көлікті тәркілеу барысында жасөспірім полиция қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтып, балағаттаған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 11:39
Талқылау