Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда көктемгі тасқыннан үйі қираған жұрт баспанасыз жүр

Шығыс Қазақстанда көктемгі тасқыннан үйі қираған жұрт баспанасыз жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда көктемгі тасқаннан үйі қираған жұрт баспанасыз жүрБесқарағай ауданының тұрғындары баспанасыз босып жүр. Биылғы жылдың наурыз айында көтерілген жер асты сулары үйлерін шайып кеткен. Арада біршама уақыт өтсе де тұрғындар баспаналарына әкімшілік тарапынан көк тиын қолдау алмағандарын айтып ашынды. 

"Сондықтан үкіметке айтарым, халыққа жаны ашитын азаматтар болса, көмектессін. Халықты жылатпасын. Бастықтар өз білгендерін істейді. Ондай жағдай болмасын. Не істесе де, елі үшін істеуі керек", -  дейді ауыл тұрғыны Қабдолла Дәуітбаев.

Үйлерін бағалауға келген сарапшыларға да жұрт ризашылық танытпаған. Өткені олар қаражатты барынша арзандатып, әкімшілікке жағдай жасауға тырысқан екен.

"Мамандар апатты жағдайдағы үйімді 2 млн теңгеге бағалады. Ол неге жетеді? Ауданда ең арзан үйдің өзі 3 млн теңге тұрады. Оны да таба алмайсын. Өйткені мұнда сатылатын баспана аз", - дейді ауыл тұрғыны Надежда Гейде.

60-тан асқан тұрғын үйді есепке алмай, апаттық жағдайда қалған 13 үйді ғана қаржыландырамыз деп уәде берген жергілікті билік ендігі ол санаулы үйлердің де қаражатын беріп, көмек көрсетпеген көрінеді.

"Әкім айтады, сіздерге үй беріледі. Бірақ ол тұрғын үй қорынан берілмекші екен. Мына үйлер әкімшіліктің атында қалады. Біз ана баспанаға аренда төлеуге міндеттіміз", - дейді Әлия Әділханова.

Алайда жергілікті билік тұрғындардың сөзін жоққа шығарып, заң бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтады. Ал бағалаушыға қатысты, оны тұрғындардың өзі шақырғанын жеткізген.

"Бірінші жолы ол кісілер бағалаушыларды өздері шақыртты. Екінші жолы үкіметтен ақша бөлініп біз шақырдық. Олар бәрін тексерді. Ешқандай кемшілік таппады. Ақшаны да төмендеткен жоқ. Сол бағаны дұрыс деп тапты", - дейді Бесқарағай аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұржан Ағыбаев.

Талқылау