Шығыс Қазақстан облысында "Ленинді қайтарыңдар!" сөзі жазылған қоршауды белгісіз ер адам құлатып кетті (видео)
Шығыс Қазақстан облысындағы бұзылған Ленин ескерткішінің жанындағы "Ленинді қайтарыңдар!" (Верните Ленина) сөзі жазылған қоршауды белгісіз ер адам құлатып кетті. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда "Ленинді қайтарыңдар" деген жазу жергілікті коммуналдық қызметкерлер мен қоршау иелеріне ұнамаған көрінеді. Олар қоршауға жақындап, сөздерді өшірмек болады. Бірақ еш нәтиже шықпаған соң қоршауды бұзып тастайды.
Айта кетейік, бұған дейін бұзылған Ленин ескерткішінің жанындағы қоршауға "Ленинді қайтарыңдар!" деген жазу пайда болған еді.
Алтай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әлеуметтік желіде Владимир Ильич Лениннің құрметіне орай құрылған ескерткіштің құлаған видеосы тараған еді және Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Ленин ескерткішінің құлауына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген еді.