Шығыс Иерусалимде автобус аялдамасында атыс болды: 5 адам қаза тапты
Фото: Reuters
Израиль полициясы екі қару ұстаған адамның Рамот қиылысындағы автобус аялдамасында оқ атқанын мәлімдеді. Шабуыл жасағандар сол жерде қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қаруланған екі адамның шабуылынан кейін қауіпсіздік қызметкері мен бір азамат оларға қарсы оқ атып, “залалсыздандырды”.
“Қаза тапқандар арасында жасы шамамен 30-дағы үш ер адам, шамамен 50-дегі бір әйел және тағы бір 50 жастағы ер адам бар. Жергілікті ауруханаларға тоғыз адам оқ жарақатымен, сондай-ақ әйнек сынықтарынан жарақат алған үш адам жеткізілді. Сағат 10:13-те шамамен 15 адамның жараланғаны туралы хабар түсті. Оқиға Иерусалимдегі Игаль Ядин көшесіндегі Рамот қиылысында болғанға ұқсайды”, – деді Израильдің жедел жәрдем қызметінің өкілі Маген Давид Адом.
Кейінірек дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері ауыр жарақат алған бес адамға медициналық көмек көрсетіп, Иерусалимдегі ауруханаларға жеткізілгені туралы ақпарат шықты.
Times of Israel басылымының хабарлауынша, ауыр жараланғандардың саны жетеу.
Израильдік БАҚ-тың мәліметіше, шабуылдаушылар автобусты нысанаға алған. Куәгердің айтуынша, ол “Кешет 12” арнасына берген сұхбатында лық толы автобуста келе жатқан кезде, ашық тұрған есіктен қарулы адамдар кіріп келген. Әйел артқы есіктің жанында отырғандықтан, автобустан қашып шығып үлгерген. Ол жақын маңдағы басқа көліктің астына тығылып, атыс тоқтағанша сонда болған.
“Онда оқ атылып жатты, көзге елестету мүмкін емес. Мұнда тірі тұрғаныма әлі де сене алар емеспін. Ол атысты сөзбен сипаттау мүмкін емес”, — деді ол.
Ешбір қарулы топ атысқа қатыста жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Алайда ХАМАС бұл шабуылды құптады. Times of Israel дерегінше, оқ атқандар – Батыс жағалаудағы Рамалла маңындағы ауылдардан шыққан палестиналықтар. Ол жаққа Израиль әскері аттанған.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
