Щучинскідегі полицейлердің өлімі: Қылмыскерге жаңа үкім шықты
Щучинскідегі екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам 6 жылға сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Бурабай аудандық сотының 2021 жылғы 3 наурыздағы үкімімен Сергей Воронцов көлікті ұрлап, мас күйінде жол апатына себеп болғаны үшін 15 жылға сотталды. Жол апатынан екі полицей оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жәбірленушінің денсаулығына әртүрлі ауырлықтағы зиян келді.
Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, Сергей Воронцовтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді деген қорытындыға келді.
"Апелляциялық сот инстанциясы зардап шеккендердің пікірін, туындаған салдардың ауырлығын ескерді және тағайындалған жазаны орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтты", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жәбірленушілердің шағымдары мен прокурордың өтініші қанағаттандырылды, қорғаныс шағымы қабылданбады.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың қазан айында 25 жастағы Сергей Воронцов анасының көлігін ұрлап, мас күйінде қызыл шамнан өтіп, екі полицей болған көлікке соғылған. Олар оқиға орнында қаза болды. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындап жүрген және жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
