Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Щучинскідегі 2 полицей өлімі: Айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін Щучинскте қызметтік "Нива" көлігімен соқтығысқан Lexus жүргізушісіне сот үкімі шықты. Жантүршігерлік жол апатының салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқан еді деп хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімін тыңдауға келген Бурабай аудандық сотының залында адам қарасы көп болған. Олардың арасында марқұмдардың туыстары мен әріптестері, сондай-ақ айыпталушының жақындары бар. 

Қарауылшылар Сергей Воронцовты сотқа жеткізген. 26 жастағы айыпталушының ісі екі айдан астам уақыт қаралған. Нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. 

Сонымен бірге ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделуге міндеттелді. 

Одан бөлек, ер адам марқұмдардың отбасына 10 млн теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді және қираған көлік үшін полицияға келтірілген материалдық шығынды өтеуі қажет. Оның мөлшері үш миллион теңгеге жуық.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында Щучинск қаласында болған жол апатынан екі полицей қаза тапты. 

Қызметтік автокөлікте болған Бурабай ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары алған жарақаттардан жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды. Қаза тапқан қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындап жүрген және жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан.

Талқылау