Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар адалдық сынағынан сәтсіз шықты: Шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижесі

Америкалық және швейцариялық ғалымдар 40 елдің тұрғындарын адалдық үшін тексерді. Бір жыл ішінде АҚШ пен Швейцарияның ғалымдары әлемнің әртүрлі қалаларына саяхаттап, барлық жерде бірдей эксперимент өткізді.

Шетелдік ғалымдар қазақстандықтардың адалдығын тексеріп көрді

Олар ақшасы бар әмиянды қалдырып, ішіне иесінің телефон нөмірін жазған. 40 елден, 17 мыңнан астам адамға осындай зерттеу жүрді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Тәжірибеге қатыспағандардың көпшілігі табылған затты қайтаруға тырысқаны атап өтілді. Сонымен қатар, адамдар ақшасы бар әмияндарды бос әмиянға қарағана көптеп қайтарған. Қайтарғандар саны 51 пайыз. Яғни, ақша неғұрлым көп болса, олардың иесіне беру ықтималдығы соғұрлым жоғары болды. Ақшасыз әмияндар 46% жағдайда қайтарылса, ақшаның аз мөлшері және үлкен сомалардың қайтарылу жағдайы  61 және 72%-ды құрайды. 

Мұны сарапшылар былай түсіндірді: ақшаны қайтаратын адамдар әмиянды өзіне қалдыратындарға қарағанда көзін ұры сияқты сезінеді және психологиялық қолайсыздықты сезінеді. Бұл эксперимент өткізілген елдердің ешқайсысында әмиянды қайтармағаны үшін жаза қолданылмайды. Ал қайтарғаны үшін сыйақы амияндағы ақшадан бірнеше есе төмен болуы тағы мүмкін.

Қазақстанда «жоғалған» әмиянның иесімен байланысқа шыққан азаматтар саны 8-ден 20 пайызға дейін ғана. Қазақстан Қытай мен Перумен бірге тізімнің соңында тұр. Тізімнің ортасында Ресей тұр.

Сонымен қатар, ғалымдардың болжамын Польша, Ұлыбритания және АҚШ-тағы екі жарым мың адам растады. Көпшілігі ақшаны қайтармаса, өздерін алаяқ деп санайтынын айтты. 

Швейцария мен Ұлыбритания азаматтары ең адал деп танылды. Бірнеше зерттеулерге сәйкес, оларда басқаларды алдау, ұрлау секілді жағдайлар аз кездесті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр