Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік азаматтың баласына ұлттық қордан ақша түсе ме - Қаржы секторы өкілдері жауап берді

Ата-анасы қазақстандық, ал бала басқа елде өмірге келсе оған “Ұлттық қор –балаларға” жобасынан қаржы түсе ме? Бала отбасымен немесе ата-анасының бірі шетелге кетсе, жобаға қатыса ала ма? Осы сұрақтарға қаржы министрлігі өкілдері жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының айтуынша, төлем алуға бір ғана маңызды шарт бар. 

“Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде өмірге келгенімен, Қазақстан азаматтығы болса, оған туған сәттен бастап қаржы аударыла береді. Ал егер бала басқа мемлекет аумағында туып, келген соң Қазақстан азаматтығын алса – сол сәттен бастап аударым есептеледі. Ең маңызды ереже – баланың Қазақстан азаматы болуы”, – деп мәлімдеді Айбол Арғынғазыұлы. 

"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріповтің сөзінше, ата-анасының бірі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан күннің өзінде ешқандай мәселе туындамайды.

“Бұл ақшаны баланың өзі есейгенде пайдаланады. 18 жасқа толғанда қай елдің азаматы болатынын өзі шешеді”, – деп түсіндірді ол. 

Бұған дейін Ұлттық қор өкілі бала бақилық болған жағдайда “Ұлттық қор – балаларға” жобасынан түскен қаржы кімге беріледі, қалай жұмсалады деген сұраққа жауап берген еді. 

Талқылау